Алматыда бірқатар тұрғын үй массивтерінде су уақытша ажыратылады

09.08.2023 в 12:15

10 тамыз сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін

Қаланың орталық бөлігіндегі бірнеше тұрғын үйлер технологиялық жабдықты ауыстыру процесінен туындаған өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап.

10 тамызда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін келесі аудандарда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады:

- Бостандық ауданының аумағында: Байтұрсынов  Абай – Желтоқсан – Тимирязев көшелері;

- Алмалы ауданында Абылай хан – Гоголь – Назарбаев – Абай көшелерінде;

- Медеу ауданында Назарбаев – Гоголь – Төлебаев – Абай көщелерінде;

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте су басқан бірнеше учаске анықталды