Алматыда пандемиямен күрес жайында жылжымалы фотокөрме өтіп жатыр

16.11.2020 в 16:51

Фотокөрмеге 10 фотожұмыс пен графикалық сурет қойылған

Алматыда 12 қарашада қаланың Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастастырған, тұрғындардың жұмыстары қойылған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұның алдында қала тұрғындары мен қонақтары COVID-19-бен күресті насихаттау жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырылған еді.

Фотокөрмеде тұрғындар жіберіп, арнайы коммисия таңдап алған 10 фотожұмыс пен графикалық сурет қойылған. Арнайы коммисия құрамына Алматы Мәдениет басқармасының концерттік бөлімінің басшысы Айнұр Баженова, Еуразия Мәдени Альянсы директорының орынбасары Ольга Веселова, жеке, аудиовизуалды және фото құжаттарды жинақтау бөлімінің мұрағатшысы Алим Хайдаров кірді.

Әрбір жұмыста COVID-19-бен күрес көрініс тапқан: медицина қызметкерлерінің, эпидемиологтардың, полицияның, еріктілердің жұмыс кадрлары мен алматылықтардың пандемиямен күрестегі өз көзқарастары бейнелеу түрінде берілген.

Жобаның басты мақсаты – коронавирустың болуы ықтимал жаңа толқыны қарсаңында санитария нормаларын, әсіресе маска тағу режимін ұстанудың маңыздылығын, пандемиямен күресте алдыңғы шепте табылатын жандардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция, еріктілер т. б.) жұмысының құндылығын тұрғындардың есіне салу.

«Осы фотокөрмені бірінші толқынның қалай өткені аясында ұйымдастыра отырып, біз қала тұрғындарын алдын алу шараларын күшейтуге шақырғымыз келді. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы әрбір адам қаланың COVID-19-бен жалпы күресіне үлкен үлес қосады. Жалпыға ортақ шаралардың арқасында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне жүктелген күш азайып, жұқтыру саны азаюы мүмкін», – деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Бұл жобаға қатысуға ықылас білдірген кез келген адамның мүмкіндігі болды, ол үшін оның қаланың коронавируспен күресін өз көзқарасы тұрғысынан берген 5 фотосурет немесе басқа да графикалық суретті (карикатура, иллюстрация) жіберуі керек болатын. Ең басты шарт ерекше контент қолдану болатын.

«Фототілші ретінде мен коронавируспен байланысты жағдайды алғашқы күндерден бастап түсіре бастадым. Қызық болды, кейде тіпті қорқынышты болды. Бос қала, блокбекеттер, асығып бара жатқан жедел жәрдем көліктерінің сиренасы және т. б. Алайда жұмыс оқиға орнында болуымды қажет етті, онсыз халықтың негізгі бөлігіне олардың өз қалаларында не болып жатқанын көрсету мүмкін болмас еді. Ондай журналистер көп, бәрі кез келген сәтте репортажға баруға дайын болды және осы фотокөрме дер кезінде қолға алынған», – деді фотокөрмеге қатысушы, жұмыстардың авторы О. Спивак.

Өз кезегінде фотокөрменің басқа қатысушысы Талғат Галимов өзінің жұмыстары арқылы қала тұрғындарын жауапты болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырғысы келгенін атап өтті.

«Мен адамдарға пандемия мен карантин кезінде өзімізді қалай ұстауымыз керектігін көрсеткім келді. Ең бастысы – осындай қиын кезде адамдар бір-біріне құрмет экөрсетуді ұмытпай, біріне-бірі қамқор болулары керек. Адамдардың осы дертке қатысты дүниетанымдары кеңейіп, көбірек жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын ұстанса: қашықтықты сақтап, бетперде киіп жүрсе дегім келеді. Себебі бізден басқа мұны ешкім жасамайды. Егер осыны ұстанбасақ, бәріміз ауырып қаламыз», – деді Галимов.

Алматы әкімдігі әлемдегі эпидемиялық жағдайдың ушыға түскенін ескере отырып, қала тұрғындарын алдын алу шараларын қатаң сақтауға және санитарлық-эпидемиялық шараларды ұстануға шақырады.

Жылжымалы фотокөрме қаланың әр ауданында 12-қарашадан 19-қарашаға дейін 10:00–20:00 аралығында өтетін болады:

13 қараша – Алатау ауд., «АЛАТАУ» СО, Рысқұлов д. 103/3;

14 қараша – Әуезов ауд., «GRAND PARK» СО, Қабдолов к. 1;

15 қараша – Түрксіб ауд., «MART» СОО, Р. Зорге к. 18/4;

16 қараша – Жетісу ауд., «MAXIMA» СОО, Райымбек д. 239г;

17 қараша – Бостандық ауд., «ATAKENT MALL» СОО, Тимирязев к. 42 к3;

18 қараша – Алмалы ауд., «ЦУМ» сауда үйі, Абылай хан д. 62;

19 қараша – Наурызбай ауд., Наурызбай ауданының ХҚКО, Шұғыла ш. а., 347/1.

Жұмыстар, сондай-ақ, қаланың Самал-2, 111 мекенжайындағы «DOSTYK PLAZA» СОО-ның LED-экрандарынан да көрсетілетін болады.