Жанат Айтілеу: Жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр

25.01.2023 в 12:23

Қаланың бас жоспарын түзету бойынша қала құрылысын жобалау тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған қоғамдық талқылау өткізілді

«Жаңа бас жоспарды әзірлеу тарихы тереңде жатыр». Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС бөлім басшысы Жанат Айтілеу айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласының бас жоспарын түзету» қала құрылысы жобасын әзірлеу 2014 жылы басталып, 2016 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бас жоспарды түзетудің жобалық шешімдерін мемлекеттік сараптаманың сараптау комиссиясы қарады да, комиссияның ескертулері бойынша өзгерістер енгізіліп, жиынтық қорытынды дайындалды. Алайда, ол кезде Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасы болған жоқ, осыған байланысты жоспарды одан әрі келісу және бекіту жұмыстары тоқтатылды.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының тапсырысы бойынша 2020 жылғы желтоқсанда Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасы бекітілгендіктен, қаланың бас жоспарын түзетуді жандандыру қолға алынды.

Қаланың бас жоспарын түзету бойынша қала құрылысын жобалау тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған қоғамдық талқылау өткізілді: 5 айдың ішінде 26 талқылау өткізілді, оған 120-дан астам адам қатысты, 510 ұсыныс пен ескертулер келіп түсті, талқылау қорытындысы бойынша 127 ұсыныс түзету материалдарына енгізілді.

Қаланың дамуын жоспарлауға қатысты шешімдер қабылдау көкжиегін ұзарту туралы ұсынысқа байланысты, атап айтқанда, қала әкімінің қаланың бас жоспарын іске асырудың жобалық есептік мерзімін 2030 жылдан 2040 жылға ауыстыру туралы шешімімен кешенді қала құрылысы сараптамасын орындауды тоқтата тұру және Алматының жаңа Бас жоспарын 2040 жылға дейін әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бас жоспардың бұдан бұрын орындалған барлық бөліміне өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер жаңа бас жоспардың негізін құрайды және қала тыныс-тіршілігінің барлық салаларындағы хал-ахуалды және тұрғындардың өтініштерін талдауға негізделген «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты.

Бас жоспардың негізгі мақсаты Алматының барлық ауданында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.