Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы жалғасуда

19.12.2023 в 12:23

Бағдарлама аясында 9 мыңға жуық ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр

Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарлама аясында 9 мыңға жуық ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр.

Аталған көрсетілетін қызмет Алматы қаласының ветеринариялық емханаларында қолжетімді.