Қар шығару мәселесі ерекше бақылауда - Алматы әкімі

31.01.2024 в 12:26

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис басшысы қар шығару жұмыстарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Біз алгоритмді қайта қарастырдық. Қар шығару барысын жақсарту жұмыстары жалғасып келеді. Бұл мәселені күн сайын өзім бақылап отырамын, - деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыда қар шығару үшін 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды.

154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерінде қар қолмен күрелді. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шығарады