|
18.01.2023 | 16:54
3587

Алматы әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі

Кездесу сағат 9:00-де басталады

Алматы әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу 19 қаңтарда сағат 9:00-де Ботакөз шағынауданы, 2 мекенжайындағы №209 жалпы білім беретін мектепте өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир