Алматыда бүгін қандай іс-шаралар өтеді

25.10.2023 в 12:47

25 қазан – Республика күні

Республика күні Алматыда бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан шеберлерінің қолдан жасалған бұйымдары ұсынылады.

-10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешенінде шағын футбол, волейбол және дзюдодан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисі және қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.

- Сағат 14:00-де «Көк-төбе» саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді.

- Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өтеді.

-Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне және атақты клоун және сиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына арналған бенефис ұйымдастырылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар шоу-бағдарлама көрсетеді.