Алматыда Сейфуллин даңғылы бойынша жол қозғалысы ішінара шектеледі

13.06.2023 в 12:54

Көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады

15 маусым сағат 22:00-ден 16 маусым сағат 10:00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин даңғылында, Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады. Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», - делінген хабарламада.