Алматыдағы Райымбек батыр метро станциясы үш күнге жабылады

25.09.2020 в 13:46

Онда құрылыс жұмыстары жүргізіледі

Алматыдағы Райымбек батыр метро станциясы үш күнге жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті жолаушылар! Сағат 18: 00-ден бастап 25-27 қыркүйек аралығында Райымбек батыр метро станциясы техникалық себептерге байланысты жабық болады. Барлық жолаушылардан Жібек-Жолы станциясынан Мәскеу станциясына дейінгі аралықта жол бағдарын алдын-ала жоспарлап алуды сұраймыз», – деді Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Онда құрылыс жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ стансаның жаяу жүргіншілер өткелдерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.