Әсет Масабаев Кіші Алматы, Есентай және Тіксай өзендерінің жағалауын абаттандыру жөнінде айтты

29.04.2021 в 13:09

«Шетсіз қала»: Алматының Медеу ауданында 10 мыңнан астам шам орнатылады

Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысты. Ол қаланың орталығын да, шет аймақтарын да әдемі және үйлесімді етуге мүмкіндік беретін жоспарланған және жүзеге асырылған жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Брифинг барысында Әсет Масабаев шет аймақтарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарының іске асырылуы туралы хабарлады. Әкімнің ақпараты бойынша, Медеу ауданының шет жақтарына сумен қамтудың және су тартудың инженерлік желілері жүргізіледі.

Инженерлік желілер «Мұзтау» және «Каменское плато» шағын аудандарына дейін тартылады. Аудандардың әрқайсысына 15-тен 17 шақырым сумен қамту желілері жүргізіледі.

Онлайн-брифинг кезінде Әсет Масабаев Медеу ауданының жағалау және басқа да аумақтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына тоқталды. Оның пікірінше, бұл аумақтарды абаттандырудағы басты міндет – Алматының жағалауларын қолайлы әрі қауіпсіз орындарға айналдыру.

«Биыл Кіші Алматы өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын абаттандырамыз («Республика сарайынан» Гоголь көшесіне дейін). Жыл соңына дейін Есентай өзенінің жағалауын (Жамақаев көшесінен су бөлгішке дейін) қайта жаңғыртамыз, сондай-ақ 2022 жылға Тіксай өзенінің арнасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Оқушылар сарайы мен мемлекеттік мұражайға іргелес аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеудеміз», – деді Медеу ауданының әкімі.

Әсет Масабаев тоқталып өткен маңызды бағыттардың бірі – Медеу ауданының жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту. Онлайн-брифинг барысында оның келтірген мәліметтері бойынша, ауданның 20-дан астам көшесінде жол төсемінің шұңқырларына жөндеу жүргізілген. Жұмысты «Есік жолдары» мердігерлік ұйымы жасады.

«Биыл қалалық Мобильділік басқармасы ұзындығы 37 мың шақырымнан асатын жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетін 36 көшені бекітті. Оның ішінде төрт көшеде асфальт жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Думан шағын ауданының 53 көшесіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Ж. Омаров көшесін (Достық даңғылынан Көк-Төбеге дейін) абаттандырумен ағымдағы жөндеу жоспарлануда», – деп хабарлады Әсет Масабаев.

Әсет Масабаев Медеу ауданының қандай көшелерінде жаңа жарықтандыру пайда болатынын хабарлады. Бүгінде аудан аумағында 17 918 бірлік жарық нүктелері бар, желілердің ұзындығы 457,6 км құрайды.

Әсет Масабаевтың келтірген мәліметері бойынша, 2021 жылы келесі учаскелер жарықтандырылады:

1. Талғар трактісі Құлжа тас жолының қиылысынан қала шекарасына дейін (екі жағынан жолдың жүру бөлігіне);

2. Төлебаев көшесі Абай даңғылынан Гоголь көшесіне дейін (екі жағынан жүру бөлігіне);

3. Қалдаяқов к-сі Мақатаев к-сінен Қабанбай батыр к-сіне дейін;

4. Қонаев көшесі Райымбек даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін;

5. Жолдасбеков көшесі Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін - (жұмыс аяқталды);

Жарықты орнату бойынша жұмыстардың барлығы жазда жүргізіледі. Соған қарамастан, «Шетсіз қала» қағидаты аясында Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аудан бойынша 273 көшені сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысына қосты. 10 614 шам орнатылады деп болжанып отыр, ұзындығы - 424,6 км.

«Бүгінгі таңда 273 көшенің 193-і қосылып, 5 көше бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа шамдардың негізгі артықшылықтары: жоғары жарық ағындары, ұзақ қызмет ету мерзімі, энергияны аз тұтыну және толық экологиялық қауіпсіздік», – деді Әсет Масабаев. Сонымен қатар, 28 аула аумағын жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді. 2021 жылғы 25 ақпанда сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Аялдама павильондарының сырт көрінісі өзгереді. Бүгінде аялдама кешендері мен электр қалқандарын бояу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда барлығы 303 аялдама кешені бар. 89-ы сырлануы тиіс. Оның ішінде 25 аялдама боялды. Сондай-ақ, 54 қалқанды сырлау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, ұзындығы 24 км-ден асатын арық жүйесін жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Айта кетейік, аудан әкімдігі жолдарды абаттандыру және жөндеу бойынша барлық жұмыстар жаңа, заманауи техникалық шешімдерді қолдану арқылы жүргізілетінін хабарлады.