Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

01.05.2022 в 13:35

Мерекені тойлауға алаңға алматылықтар мен қала қонақтары жиналды

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік концерт Абай алаңында сағат 10.00-де басталды. Сахнада отандық шоу-бизнес жұлдыздары мен заманауи музыканттар өнер көрсетті.

Олардың ішінде танымал Парвиз Назаров, Игорь Благодарный, Роман Ким, Жұбаныш Жексенұлы, Жамиля Серкебаева, Зарина Алтынбаева, Аружан Данышпан, «МузАрт» тобы және т.б жұлдыздар болды.

Аталмыш мерекені бірге тойлауға алаңға алматылықтар мен қала қонақтары және балалар жиналды.

Айта кетейік, достық пен келісімнің нышанына айналған 1 мамыр мерекесі Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың бірі десек те болады. 

Фото: Нұрбол Қызықбаев