20 қыркүйекке дейін Алматыда жылу беру маусымына 100% дайын болады

02.09.2020 в 14:05

Алматы қаласының қалалық шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау кестеге сәйкес жүргізілуде

20 қыркүйекке дейін Алматыда жылу беру маусымына 100% дайын болады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мамыр айынан бастап кері су тартқышта сынақтар басталып, 353 зақым анықталды. Барлығы жойылды. Тамыз айынан бастап 270 зақым анықталған, оның 260-ын жойдық. 20 қыркүйекке дейін осы сынақтардың бәрін аяқтаймыз және жылу желілері жылыту маусымына дайын болады», – деді Әсет Масабаев.

Сонымен қатар, Ә. Масабаев білім беру және денсаулық сақтау нысандарының автономды қазандықтарының жылу беру маусымына 100% дайындығы туралы хабарлады.

Жалпы, Алматы қаласының қалалық шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындау кестеге сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша, энергокешеннің жылыту маусымына жалпы дайындығы 88%-ды құрайды.