Алматыда 6000 бейнекамера орнату жоспарланған

08.12.2023 в 14:12

Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында айттылды

Алматыда «Адамдар көп жиналатын жерлерде бейнемониторинг жүйесі» жобасы бойынша 2023 жылы 3050 камера орнатылды. Ал 2024 жылы 6000 бейнекамера орнату жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024-2026 жылдарға арналған мегаполис бюджетінің жобасы қаралған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтты.

Оның айтуынша, Кеңсай саяжайында және мектеп аялдамаларында қосымша 223 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар, келесі жылы бағдарламалық кешендер санын 568,5 млн теңгеге 300 бірлікке ұлғайту көзделіп отыр.

Биыл «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасы аясында 515 мемлекеттік нысанда 18 399 бейнекамера, сонымен бірге, жеке нысандарда 81 камера қосылған.

Оқи отырыңыз: Келесі жылы электр көліктеріне арналған 150 қуаттау құрылғысы орнатылады