Алматыда алдағы екі жылда қанша мектеп салынады

21.12.2023 в 14:12

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда

Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 мектеп ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 23,1 мың орынды 13 мектептің құрылысы басталды. Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алу бойынша меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар МЖӘ бойынша 2 мың орынға 1 мектеп салынады. Ерболат Досаев атап өткендей 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы «басқарылатын» деңгейге дейін төмендетіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда сыртқы жарықтандыру мәселесі қашан шешіледі