Дәріханаларда дәрі-дәрмек бар – Алматы әкімдігі

13.07.2020 в 14:39

Сапарбек Тұяқбаев бұл туралы онлайн-брифингте айтты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматы дәріханаларында неге дәрі-дәрмек тапшылығы пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сапарбек Тұяқбаев бұл туралы онлайн-брифингте айтты.

«Тапшылықтың басты себебі: адамдардың көбі коронавирустың осылай жылдам таралатынын күткен жоқ. Сәйкесінше негізсіз сұраныс, дүрлікпе туды, адамдар дәрі-дәрмекті бумалап сатып ала бастады.

Біз әдетте бір жылда 100 мың қызуөлшегіш сататынбыз, ал қазір үш күнде 50 мыңы сатылды. Әрине, біз қосымша 80 мың дана жеткізуді ұйымдастырдық, қазір алты мың термометр бар.

Аспирин мен парацетамол жоқ деген – негізсіз мәлімдеме. Бұл дәрі-дәрмектер дәріханаларда бар, соңғы уақытта 900 мың орам жібердік. Бір жылда мұндай тұтыну болған емес. Қазір парацетамолдан 175 мың бума бар, 16-сынан шілденің соңына дейін 2,2 миллион келеді. Сонымен қатар біз тұрақтандыру қорына 3 миллионға жуық қаражат салдық», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.