Астана күнін алматылықтар қалай атап өтті

07.07.2023 в 14:44

Мерекелік іс-шараны Бостандық ауданы әкімі аппараты ұйымдастырды

Астана күніне орай Алматы қаласында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қала тұрғындары мен қонақтары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің орындауында «Көңілашар», «Сарыжайлау», «Адай» сынды күйлерді тамашалады. Мерекелік іс-шараны Бостандық ауданы әкімі аппараты ұйымдастырды.