Табиғат ананы аялайық: Алматыда "Тазару" жалпыұлттық эко-акциясы өтті

23.03.2024 в 14:44

427 текше метрден астам қоқыс жиналды

Алматыда Наурыз мейрамына орайластырылған «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы барысында 427 текше метрден астам қоқыс жиналды, 83 бірлік техника пайдаланылды. Эко-акцияға барлығы 1500 астам адам қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара қаланың барлық аудандарын қамтыды. Аудан әкімдіктері шанц құралдарын (қаптар, қолғаптар, тырмалар, күректер, бояулар, валиктер) ұсынды.

Эко-науқан барысында Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және іргелес учаскелерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзендердің жағалау бөліктерін қоқыстардан, өскіндерден тазарту, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды бояу, шағын сәулет нысандарын жуу жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.

Оқи отырыңыз: Наурызнама: Алматыда «Тазару» эко-науқаны өтеді