Милан – Алматы тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

07.07.2021 в 14:59

Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы елшісі П. Д 'Авино бастаған итальяндық іскер топ, туроператор өкілдері мен Neos әуекомпаниясы басшылығының делегациясымен Милан – Алматы тікелей әуе рейсін ашу, туристік әлеуетті дамыту мен бизнес байланысты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.  

«Италияның Қазақстандағы елшісі П. Д 'Авино бастаған итальяндық іскер топ, туроператор өкілдері мен Neos әуекомпаниясы басшылығының делегациясын қабылдадым. Милан – Алматы тікелей әуе рейсін ашу, туристік әлеуетті дамыту мен бизнес байланысты кеңейту мәселелерін талқыладық», – деп жазады әкім.

Италияның Қазақстандағы елшісі П. Д 'Авино бастаған итальяндық іскер топ, туроператор өкілдері мен Neos әуекомпаниясы басшылығының делегациясын қабылдадым. Милан – Алматы тікелей әуе рейсін ашу, туристік әлеуетті дамыту мен бизнес-байланысты кеңейту мәселелерін талқыладық. pic.twitter.com/dzqb63ONlH

— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) July 7, 2021