Алматыда әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау көлемі 63 мыңнан 92 мың теңгеге көбейді

14.04.2022 в 15:02

Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдар саны өскен. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Егер бұдан 5 жыл бұрын қалада 45 мың адам болса, қазір олар  53 мыңнан асады, соның ішінде 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз Бостандық ауданында тұрады. Жұмыс істейтін мүгедек адамдарды қолдау үшін біз жылдың басынан жұмыс істейтін мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау көлемін – 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін көбейттік, осы мақсаттарға 405 млн. теңге (980 орын) бөлдік», – дейді қала әкімі.

Айта кетейік, бүгіннің өзінде әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар шеңберінде әлеуметтік жобалармен айналысатын 30 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қамтылған.