Алматыда жыл соңына дейін 102 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады

26.10.2021 в 15:03

Олар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шеңберінде көзделген

Алматыда жыл соңына дейін 102 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Алматыда 14,3 млрд. теңге жалпы сомасындағы 5 жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.                     

1 қазандағы жағдай бойынша 6,8 млрд. теңге игерілді, жергілікті қамтудың үлесі 95,5%.

Бұдан басқа, көлемі 100 млн. теңгеден астам құрылыс-құрастыру жұмыстары бойынша жобаларының шеңберінде 105,1 млрд. теңге сомасындағы 97 жобаны іске асыру жұмысы жүргізілуде. 1 қазандағы жағдай бойынша 17,4 млрд. теңге игерілді, жергілікті қамтудың үлесі 91,7%.

Жыл басынан бері Алматыда жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның 45 мәжілісі өткізілгенін атап өтеміз. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының мониторингін жұмыс тобы тұрақты түрде жүргізіп отырады.