Алматы тұрғыны қолөнер бұйымдарын дайындауға 2 млн теңге ұтып алды

13.08.2021 в 15:38

Бизнес-жобаны сүйемелдеуге ол «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан көмек алған.

«БЖК-2025» бағдарламасы аясында Алматы қаласының тұрғыны Бибігүл Нұрбекова 2 млн теңге көлемінде инновациялық грант ұтып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бизнес-жобаны сүйемелдеуге ол «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан көмек берілген.

Жеке кәсіпкер мемлекеттен алынған қаражатқа тігін машиналары мен шикізат – сатылар, дөңгелектер, белдіктер және басқа да бұйымдарды тігу үшін тері сатып алды.

Грант иегерінің айтуынша, қолөнер бизнесі оған мұра болып қалған. Нұрбековтар отбасы ұлттық бұйымдарды төртінші буында дайындаумен айналысады.

«Біз үлкен отбасымыз, бауырларым, олардың әйелдері, жиендерім осы бизнестің есебінен өмір сүреді. Барлық үлкенді-кішілерінің бәрі. Бұл өте ауыр, қолмен жасалатын жұмыс. Алдымен біз болашақ ер-тоқымның негізін ағаштан кесіп аламыз, теріні өзіміз өңдейміз, оны илейміз. Металл бөлшектерін дәнекерлеу арқылы дайындаймыз», дейді Бибігүл Нұрбекова.

Бір ер-тоқымды жасау кейде үш күнге дейін созылады. Оның құны 25 мыңнан миллион теңгеге дейін өзгереді. Алтын, күміс және қымбат металдармен қапталған таза былғарыдан жасалған ең қымбат ер-тоқымдарға асыл тұқымды жылқылардың иелері тапсырыс береді Тапсырыстар Қазақстанның барлық аймақтарынан, Әзірбайжаннан, Армениядан, Қытайдан, Моңғолиядан келеді.

Біздің республикамызда көкпар мен бәйге ойыншыларының барлығы дерлік Нұрбековтердің бұйымдарын біледі. Олар өз өнімдерін керемет сапасы үшін бағалайды, өйткені тек түйенің терісін ғана сатып алынады – ол өте жұқа және сапалы болады. Ағаш ретінде қайың ағашы қолданылады, ал мыс, қорғасын және басқа металдар да арнайы өңдеуден өткізіледі.

Жақында Нұрбековтердің кенже ұлы жаңа бағыт – иттердің қарғыбауларын жасауды игерді. Оларды Шешенстан мен Әзірбайжаннан келген күресуші ит тұқымдарын сүйетіндер сатып алады. Олар сондай-ақ таза былғарыдан, металдан жасалған. Құны 150 мың теңгеге дейін жетеді.

«Бұл тиімді бизнес, мұнда шығындар барынша өтеледі. Бәсекелестер аз, Қазақстан бойынша мұндай 2-3 қолөнершілер ғана бар. Ал шетелдік аналогтардың сапасы  біздегі сападан едәуір төмен. Олардың шикізаты, тігу және өңдеуі төмендеу. Сондықтан біздің отбасылық ісіміздің одан әрі жалғасатынына үміттенеміз. Қолдау көрсеткені үшін мемлекетке алғысымыз шексіз, инновациялық гранттардың шағын бизнесті дамытуда маңызы зор», – деп қорытындылады Бибігүл Нұрбекова.