Мечта тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары басталды

13.03.2024 в 14:16

Тұрғын үй кешені жылжымайтын мүлікті сатып алуға болмайтын нысан ретінде бұрын БАҚ-да жарияланған

Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлағандай, нысанға қатысты тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайда орналасқан Мечта тұрғын үй кешенін салу кезінде көптеген бұзушылықтарға жол берілген. Атап айтқанда тексеру кезінде 2 нүктеге рұқсат беру құжаттарының болмаған және бүкіл нысан бойынша жобадан көптеген ауытқулар анықталған.

Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы  құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлерді сатуды жоспарлаған.

Бұған дейін басқарма ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

2022 жылдың 1 тамызы күнгі тексеру нәтижесі бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді,  алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамады.

2022 жылдың 19 қазанында Медеу аудандық сотынанысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ  мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылдың 20 шілдеде Алматы қалалық сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды.

2024 жылы 30 қаңтарда Жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі  объектіні бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды.

Айта кетерлігі, тұрғын үй кешені бұрын БАҚ-да жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ұсынылмайтын нысан ретінде жарияланған және заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып салынған 54 таулы аймақтардағы нысандардың тізіміне енгізілген.

Оқи отырыңыз: Берекесіз «Береке»: Қараңғыда сусыз отырған ауыл тұрғындары батпаққа батып қалды