Бірыңғай уақыт белдеуіне өту кезінде метрополитен қалай жұмыс істейді

29.02.2024 в 15:18

1 наурыздан бастап сағат тілі 1 сағатқа кері қойылады

Сағат белдеуінің ауысуы кезінде Алматы қ. метрополитені штаттық режимде, кестесі өзгеріссіз қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық метрополитені баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні метро Алматы уақытымен сағат 00-10-ға дейін жұмыс істеп, ал 1 наурызда жаңа белдеу бойынша сағат 06-20-да қайта іске қосылады.

Оқи отырыңыз: Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: қазақстандықтар не білуі керек