2 ақпан күні сағат 11:00-де Наурызбай ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді

01.02.2021 в 15:19

Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар

Ертең, сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғайдың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өздерінің сауалдары мен талап-тілектерін алдын ала WhatsApp номеріне +7 747 307 45 56 жазып, жедел желі номеріне +7 700 308 70 20 хабарласа аласыздар.

Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары YouTubeFacebook-тан көре аласыздар. Барлық сұраққа толыққанды жауап беріледі.

2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының барлық 8 аудан әкімінің онлайн режиміндегі есеп беру кездесуі өтеді.

2 ақпан сағат 11:00-де Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай

3 ақпан сағат 11:00-де Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов

4 ақпан сағат 11:00-де Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов

5 ақпан сағат 11:00-де Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева

8 ақпан сағат 11:00-де Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев

9 ақпан сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов;

10 ақпан сағат 11:00-де Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.