Тереңқұрдағы су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

21.06.2023 в 15:45

Ол бұғанға дейін жекешеде болған

Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ол су қоймасының бір бөлігі жекешеде болған еді, бірақ ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында әрі тұрғындардың өтініші бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазір қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы жылдың соңына дейін Тереңқұр түгел биыл жөндеуден өтеді.

Жалпы, Медеу ауданы тұрғындарының демалатын және серуендейтін орындарды ұйымдастыру үшін тамыздың соңына дейін ҚР Мемлекеттік музейінің жанындағы скверді реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда. Содан кейін шілде айында Самал-1 ш/а «Журналистер» сквері ретке келтіріледі. Оның аяқталу мерзімі - жылдың соңына дейін. Тұрғындардың өтініші бойынша «Алатау» шағынауданында 2023 жылдың қыркүйегіне қарай Ибрагимов көшесінде саябақ салынады.