Алматы әкімі Ерболат Досаев дәрігер Юрий Шумковтың жақындарына көңіл айтты

05.04.2022 в 15:45

Алматы әкімі Ерболат Досаев дәрігер Юрий Шумковтың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – отбасы және еліміздің бүкіл медицина қауымдастығы үшін нағыз қасірет.

Біз отбасылық дәстүрлерді жалғастырған және ғұмырының 20 жылдан астам уақытын қоғамға қызмет етуге арнаған, адамның өмірін құтқару үшін бар күші мен білімін жұмсаған білікті дәрігерден айырылдық.

Жарқын бейнесі жадымызда сақталады!" - деді қала әкімі.