Алматы әкімдігінің ғимараты жер сілкінісі болған жағдайда 10 балға төтеп бере алады

03.10.2023 в 15:48

Барлық қабатта өрт сөндіру және бақылау жүйесі орнатылған

Алматы әкімдігінің қалпына келтірілген ғимараты сейсмикалық қауіп төнген жағдайда 10 балға төтеп бере алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабаттар бойынша өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ғимараттың сейсмикалық күшеюі мен жер сілкінісіне төзімділігі бойынша жұмыс жүргізілді.

- Әкімдік ғимаратын реконструкциялау кезінде бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар байқалды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плиталар беріктігін жоғалтты және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді. Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында металдың көп мөлшері жұмсалды, қазір бұл жұмыстар көрінбейді, бірақ төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді, - деді «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев.

Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты реколнструкциядан кейін жер сілкінісі болған жағдайда 10 балға төтеп бере алады.