Алматыда қала күніне орайластырылған қала Кубогына командалық турнир өтті

15.09.2022 в 16:02

Спортшылар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты

2022 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттың 3 түрі – еркін күрес, таэквондо және қазақ күресі бойынша қала Кубогына турнир өтті. Спорттық іс-шара Қала күніне орайластырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортшылар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты, олардың нәтижелері командалық есепте жинақталып, бағаланды. Жеңімпаздарға кубоктар мен ақшалай сертификаттар  берілді.

Еркін күрестен "Барыс" командасы үздік атанды, таэковондо бойынша үздік болып "Жеңіс" командасы танылды, ал қазақ күресінен "Алатау" командасына тең келер ешкім болған жоқ.