|
18.09.2020 | 16:07

Алматыда қала күніне орай Әуезов ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды

Орталық қызметкері 21 жасар Бекзат Сұлтанов бұл мекеменің жастарға берері мол екеніне сенімді

Алматыда қала күніне орай Әуезов ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды almaty.tv

Алматыда қала күніне орай Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен Әуезов ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 3 аймаққа бөлінген. Бірінші аймақта психолог, заңгер және тұрғын үй жинақ банкі қызметкерлерінің кеңесін алуға болады. Екінші аймақта  кездесулер ұйымдастырып, кітап оқып, түрлі кино көруге мүмкіндік жасалған. Ал үшінші аймақта жастар шығармашылықпен айналыса алады. Бұдан бөлек, орталық жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізіп, түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.

«Осы орталықтың жұмысы көп бағытты болады. Жастарға қатысты қандай сұрақ болады, соның бәрі қарастырылмай қалмай, тек соны іске асыруға бәріміз бірігіп, әрбір ойды, әрбір идеяны іске асырамыз деп ойлаймын», – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

Ал орталық қызметкері 21 жасар Бекзат Сұлтанов бұл мекеменің жастарға берері мол екеніне сенімді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жайлы біліп қана қоймай, жан-жақты дамуға мүмкіндік жасалғаны қуантады дейді ол.

«Жастар ресурстық орталығы жастар үшін өте таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламалар, шығармашылық жағынан да жастарды дамытуға өте қолайлы орналасқан мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Жастар келіп жатыр. Бәрі өте дән риза деп ойлаймын», – деді орталық қызметкері Бекзат Сұлтанов.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!