|
08.05.2024 | 11:55
1409

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды

Ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Оқи отырыңыз: Ұлы Жеңіске қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир