Алматы қаласында Райымбек даңғылы бойынша жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі

26.07.2023 в 16:11

28 шілде сағат 22:00-ден 27 тамыз аралығында

28 шілде сағат 22:00-ден 27 тамыз аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойынша Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға сілтеме жасап.

Аталған жол сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыржолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.