Алматының тарихи орталығындағы тығыздық гектарына 300 адамнан аспауы керек

30.11.2021 в 16:45

Басқа аудандарда, «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, тығыздық гектарына 440 адамнан аспауы керек

Алматының тарихи орталығында гектарына 300 адамнан артық емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл Алматы қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері бойынша халықтың тығыздығын есептеу", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Басқа аудандарда, «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес, тығыздық гектарына 440 адамнан аспауы керек. Бұл тармақ қала құрылысы құжатында да жазылған.

"Ауданда балабақшалар, мектептер, емханалар мен полиция пункттерінің саны жеткілікті болған жағдайда тығыздықты 20%-ға арттыруға жол беріледі, яғни әлеуметтік инфрақұрылым қамтамасыз етілген", - деп атап өтті М. Әзірбаев.

Ережені Алматы қалалық мәслихаты 2021 жылғы 31 мамырда қабылдады және құрылыс салушылар үшін негізгі құжатқа айналды.

Талаптар жиынтығы қала құрылысы саласын жетілдіруге және жақсартуға мүмкіндік береді, яғни жайлы, эстетикалық тартымды қалалық ортаны дамытады.

Қағидаларда қала тұрғындары мен құрылыс салушылардың мүдделері арасындағы тепе-теңдік сақталғанын атап өткен жөн.

М. Әзірбаев бұл қағидалар Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленгенін еске салды.

Ал құжатты жасаудың алғышарты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы»; «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін ҚР Заңы болды.