|
04.05.2024 | 17:18
971

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Ол тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы тағайындалды Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Дулат Ашкенов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дулат Ашкенов 1987 жылы 7 маусымда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қарағанды облысының жол-көлік инфрақұрылымы мен жолаушылар көлігін дамыту бойынша мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2017-2022 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Нұр-сұлтан қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында басшылық лауазымдарды атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир