Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданына жұмыс сапары аралау кезінде №70 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сейсмикалық нығайтудың барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шамамен 30 жыл бұрын салынған 1250 орындық мектепті жөндеу 2022 жылдың қарашасында басталды. Алайда, шартта көзделген жыл ішінде мердігер ұйым жұмыс көлемінің тек 40% ғана орындаған.
Сондықтан Құрылыс басқармасы мердігерге қатысты тұрақсыздық айыбы мен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы сотқа талап арыз берді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жұмыстар қайта жанданды және бүгінгі күні нысанның дайындығы 80%-ға дейін жеткізілді: шатыр жабыны жабдықталды, инженерлік коммуникациялар жүргізілді, ішкі әрлеу аяқталуда, аумақты абаттандыру және т.б. жүргізілуде.
Мегаполис әкімі ішкі әрлеу сапасына қатысты ескертужасады, кіру тобының алдында нөсер суларын бұруды қарастыруды тапсырды.
- Бұл мектепті реконстуркциялау жобасы 2019 жылы әзірленді және онда біз енгізіп отырған стандарттар ескерілмеген. Сондықтан мектепті сапалы жабдықтауға ерекше назар аудару керек. Барлық жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажет, - деп атап өтті Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Инклюзивті білім беру: Алматыда жаңа оқу корпусы ашылды