Алматыда велосипед спортынан «Giro d'Almaty» жарысы өтеді

06.10.2023 в 18:31

Бірқатар көшелер жабылады

 Биыл 7-8 қазанда велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасында жыл сайынғы «Giro d'Almaty» жарысы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Жарысқа 220 велосипедші қатысады деп жоспарланады.  Жарыстың бірінші күні 7 қазанда өтеді. Іс-шара сағат 9:30-да Алматы қаласы Алатау ауданында, «Индустриалық аймақ» басталады, мәре сағат 11:30-да, «Алғабас» шағынауданы, 7-ші көше, 138/5 мекенжайдағы «Huyndai Trans Kazakhstan» зауытының тұрағы деп белгіленді.

Екінші күн 8 қазанда Алматы қаласы Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар к-сі 401/2, «Royal Tulip Almaty» қонқүйінен сағат 8:30-да басталып, мәре сағат 10:30-да, «Медеу» СК кіреберіс алдындағы алаңда болады.

Веложарысқа байланысты, 8 қазанда сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін Достық көшесіндегі қонақүйден «Медеу» СК-не дейінгі жол оңтүстік бағытта жабылады.

Сонымен қатар келесі бағыттағы қоғамдық көліктердің  схемалары уақытша өзгертілді:

№29р оңтүстік бағытта Достық даңғылы - әл-Фараби даңғылы - Назарбаев даңғылы - Жолдасбеков көшесі - бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін «Жолдасбеков көшесі» аялдамасына көшіру; №29р кері бағытта - қозғалыстың басталуы «Жолдасбеков көшесі» аялдамасынан - Жолдасбеков көшесі - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша; №12 оңтүстік бағытта Достық даңғылы - әл-Фараби даңғылы - Назарбаев даңғылы - Жолдасбеков көшесі - бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін «Жолдасбеков көшесі» аялдамасына көшіру; №12 кері бағытта – «Жолдасбеков көшесі» аялдамасынан - Жолдасбеков көшесі - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша қозғалыстың басталуы; №29 оңтүстік бағытта Достық даңғылы - әл-Фараби даңғылы - Назарбаев даңғылы - Жолдасбеков көшесі - бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін «Жолдасбеков көшесі» аялдамасына көшіру; №29 кері бағытта – «Жолдасбеков көшесі» аялдамасынан - Жолдасбеков көшесі - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша қозғалыстың басталуы; №141 оңтүстік бағытта Достық даңғылы - әл-Фараби даңғылы - Назарбаев даңғылы - Жолдасбеков көшесі - бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін «Жолдасбеков көшесі» аялдамасына көшіру; №141 кері бағытта – «Жолдасбеков көшесі» аялдамасынан - Жолдасбеков көшесі - Достық даңғылы - бұдан әрі схема бойынша қозғалыстың басталуы; №5В солтүстік бағытта - Оспанов көшесі - Достық даңғылы – «Wellnes Club Luxor» спорттық-сауықтыру кешеніндегі бұрылыс - Достық даңғылы - Оспанов көшесі - бұдан әрі схема бойынша; №5В кері бағытта-өзгеріссіз; №107 батыс бағытта - Оңдасынов көшесі -Керей-Жәнібек хандар көшесінің алдындағы бұрылыс - бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін «Қайсенов көшесі» аялдамасына көшіру; №107 кері бағытта-Оңдасынов көшесінен қозғалыс басталуы-одан әрі схема бойынша.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы веложарыс: қандай көшелер жабылады