Алматыда ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі

04.08.2023 в 17:31

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді

Ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер 7 тамыздан бастап Алматы қаласының төрт ауданының аумағында сегменттік түрде енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ыстық су мына көшелер мен тұрғын үйлердің контурында орналасқан тұрғын және басқа ғимараттарға берілмейді:

Түрксіб ауданы:

- 7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінің контурында;

- 21-25 тамыз аралығында Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;

Жетісу ауданы:

- 21-25 тамыз аралығында Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;

Наурызбай ауданы:

- 7-8 тамыз аралығында Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;

Медеу ауданы:

- 14-18 тамыз аралығында Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;

- 14-19 тамыз аралығында Казачка өзені – Құлжа трактісі-Атырау-1 - ықшам ауданы.

«Аталған жергілікті шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары басталады