Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

28.02.2022 в 17:47

Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2022 жылғы 26 ақпандағы ШОБ субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 718,1 млн теңге сомаға 80 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 109,7 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.

Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 140,4 млн теңге сомаға 890 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңге сомаға 459 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаржысынан 864,6 млн теңге сомаға 431 өтінім болды.

Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті. «ИнфоКазахстан» электронды платформасына кәсіпкерлерден 2 700-ден астам өтінім келіп түсті.