Алматыда жылыту маусымы 5 сәуірде аяқталады

05.04.2022 в 17:48

Бұл туралы қала әкімнің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматыда жылыту маусымы 5 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімнің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болуына байланысты және ұзақ мерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, қалалық әкімдік 2022 жылғы 5 сәуірде 2021-2022 ж жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады" делінген хабарламада.