Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар

09.07.2021 в 18:53

Жұмыс іздегендердің сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін көпшілікпен бөлісті

Бүгін «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастармен» ТedTalks форматындағы кездесу өтті. Басқосуға келген білім саласының мамандары және жетістікке жеткен жас кәсіпкерлер НИТ санатындағы жастармен жүздесіп, заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Сондай-ақ, жұмыс іздегендердің сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін көпшілікпен бөлісті. 

«Республика деңгейіндегі статистикаға сүйенетін болсақ, техникалық мамандықтарға мамандар өте аз. Шет мемлекеттерден осындай мамандыққа адамдарды жалдап жұмыс істетіп жатыр. Соның орнына неге өзіміздің студенттеріміз жұмыс істемеске?!» – деді Л. Гончаров атындағы қазажа тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бекбол Рамазан.