Алматының қай көшесінде жөндеу жұмыстары басталды

30.08.2023 в 18:29

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылдың жоспары аясында жүргізіліп отыр

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген болатын. 29 тамыз мердігер ұйымның техникасының істен шығуына байланысты орташа жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Осылайша, 30 тамыз сағ. 23:00-ден 31 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жабық учаскені Әуезов, Сәтпаев Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы арқылы айналып өтуге болады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылдың жоспары аясында жүргізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара.

Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.