Алматыда еріктілер тұрғындарды бетперде тағуға шақырды

16.07.2020 в 18:45

Шараны «Almaty volunteers» еріктілері мен Алмалы ауданы әкімдігі бірлесе өткізді

«Бетперде киюді ұмытпа, өміріңді сақтап қал». Алматыда дәл осындай ұранмен бетпердені насихаттау акциясы ұйымдастырылды. Шараны «Almaty volunteers» еріктілері мен Алмалы ауданы әкімдігі бірлесе өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

БЛИЦ:

– Маскасыз жүргендер көп. Бұл кісілердің істеп жатқаны дұрыс. Қолдаймыз.

– Еліміздегі коронавируске байланысты осы кісілердің істеп жатқаны өте дұрыс. Себебі осы маска кимеуден адамдар ауру жұқтырып жатыр.

«Бұл акцияның мақсаты –  қала тұрғындарына өз өмірін сақтауға, бетперде киюге оларды шақыру. Яғни, өзінің, туған-туысқандарының, отбасының өмірін сақтауға, бетперде киіп осы қауіпті індеттен сақтануға шақыру», – деді ерікті Оралбай Мырзақұлов.