Жаңа қаулы: Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

20.03.2021 в 19:22

Алматыда қатаң карантин енгізілді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин шаралары күшейгеннен кейін қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес жұмыс істейді. Ал демалыс күндері таңертең 6-дан 10-ға дейін, кешке 17-ден 22.00-ге дейін жүреді», – деді қаланың бас санитар дәрігері Ж. Бекшин.

Еске сала кетейік, 21 наурыздан бастап Алматыда қатаң карантин енгізілді. Жаңа қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.