«Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы да жалғасады – Сағынтаев

22.09.2021 в 19:30

Қала әкімі бұл байқауға бизнес субъектілерінің қызығушылық танытып отырғанын жеткізді

Алматы «Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тікелей эфирді аула аумағын көгалдандыру мәселесіне байланысты қала тұрғынының сұрағына жауап берген әкім «Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы да жалғасатынын айтты. Әрі бұл байқауға бизнес субъектілерінің де қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, биылғы «Аула аумағын көгалдандыру – 2021» байқауы қала күніне орай ұйымдастырылды. Қазылар алқасына 324 аула ұсынылды. Бас жүлде алған жеңімпазға  5 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Akimat live бағдарламасының тікелей эфирін осы жерден көре аласыз.