Б. Сағынтаев: Алматының шеткі аудандардағы халық қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі

28.04.2021 в 19:31

Қалалықтарды қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету – Алматы әкімдігінің басты міндеттерінің бірі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру міндеттерінің қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаевтың айтуынша қалалықтарды қолжетімді және сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету – Алматы әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай қалалық денсаулық сақтау жүйесі терең жаңарудан өтіп жатыр. Пандемия өз рөлін ойнады, бұл мегаполистің денсаулық сақтау жүйесін нығайту жұмыстарын жеделдетуге мәжбүр етті. Инфрақұрылымды салу,материалдық-техникалық базаны нығайту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері шешілуде.

Өткен жылы денсаулық сақтаудың 5 нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, сәуір айында пайдалануға берілген Алатау ауданындағы 280 төсек-орынды модульді аурухана. Қазан айында Наурызбай ауданында 300 төсек-орынды жаңа модульді инфекциялық стационар пайдалануға берілді. Желтоқсан айында Түрксіб ауданында 500 төсек-орынды жаңа инфекциялық стационар іске қосылды.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді. Ауруханалар мен емханалар үшін 11 мыңнан астам бірліктегі медициналық жабдықтар сатып алынды, реанимация бөлімдері 100% жабдықталды.

Диагностикалық қызметтің сапасын арттыру үшін қала стационарларына 4 КТ және бір МРТ аппаратары сатып алынды. Жедел жәрдем қызметі үшін заманауи реанимациялық құрылғылармен жабдықталған 135 арнайы көлік сатып алынды.

Модернизациялаудың үш жылдық бағдарламасына сәйкес барлық медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базалары нығайтылуда. Биыл медициналық жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 27 млрд теңге көлемінде екінші транш бөлінді.

Емханаларды медициналық оттегімен қамтамасыз етудің қалалық бағдарламасы қабылданды. Қаладағы 16 аурухананың барлығы оттегі станциясымен, сонымен қатар вакуумдық және компрессорлық жүйелермен жабдықталған.

Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық қалдықтарды жою бағдарламасы қабылданды, оның аясында қаланың инфекциялық ауруханаларында қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға арналған 11 қондырғы салынды. Сондай-ақ, осы мақсатта биыл инфекциялық ауруханалардың ағынды суларын залалсыздандыру бағдарламасы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаевтың айтуынша, «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жалғасуда. Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық ұйымдар салу жоспарлары түзетілді.

Осы жылы 9 отбасылық -дәрігерлік амбулатория мен 3 емхана салу, сондай-ақ 4 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық нығайту жоспарлануда.

Қаланың шеткі аудандарында қымбат клиникалық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін төрт модульдік КТ орталығын салу жоспарланған.

Жалпы, 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспары аясында денсаулық сақтаудың 28 нысанын салу және реконструкциялау жоспарлануда,қазір 18 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталады, ал жұмыс медициналық көмек көрсетудің заманауи талаптарына сай жүретін болады.