Алматыда су тасқыны қаупі жоқ

01.05.2021 в 19:47

Барлық жағдай күшейтілген режимде жұмыс істеген ТЖД, аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен жедел түрде жойылды

Мөлшерден тыс жауын-шашынның нәтижесінде қалада 18 су тасқыны жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық жағдай күшейтілген режимде жұмыс істеген ТЖД, аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің күшімен жедел түрде жойылды. Кейбір жерлерде, оның ішінде Бағанашыл ықшамауданында қалдық суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстарға барлығы 86 адам, 20 бірлік арнайы техника, 1 өрт сендіру сорғысы мен 9 мотопомпа жұмылдырылды.