Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды

05.02.2023 в 16:59

Зымыран сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен заулайды

5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:12 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы көкке көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зымыранға "Электро-Л" № 4 ғарыш кемесі бекітілген.

"Электро-Л" сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваториясының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. 2011 жылдан бастап Жер орбитасында "Электро" жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта "Электро-Л" № 2 және "Электро-Л" № 3" сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз", – деп мәлімдеді Роскосмос.

Зымыранды ұшыру сәтін Роскосмостың ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады, ол шамамен 10 минут уақытты алды.

Зымыран сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен заулайды.