СҚО-да төгілген улы химикатқа қатысты тексеру нәтижесі шықты

04.07.2023 в 18:30

Оқиға мамыр айында болған

СҚО-да төгілген улы химикатқа қатысты тексеру нәтижесі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға мамыр айында болып, әлеуметтік желіде бейнежазбалар тараған болатын. Облыстың Экология департаменті Шал ақын ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатын «Асыл Фармс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

– Екі айыппұл салынды. Олар 227-баптың 1-бөлігі және 232-баптың 2-бөлігі бойынша қысқаша формасында 1 млн 121 мыңнан астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, нұсқама беріліп және де экологиялық кодекстің принципімен осы ластауыш өзі қалпына келтіреді деген принциппен кәсіпорын ремидиация бағдарламасын жасайды, – деді СҚО Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.  

Сынама нәтижелері азот концентрацияның айтарлықтай өскенін көрсетті. Осыған байланысты ағаштар мен шөп сарғайып, жағымсыз иіс пайда болған. Мысалы, азот топтарының бірінің көрсеткіші 133 есе өскен. Зақым келген аумақтың көлемі 20-50 метрді құрайды.