Ресейден келіп жатқан арзан тауар отандық өндіріске қауіп төндіруде

29.08.2023 в 11:02

Елде бәсекелестікке шыдамаған кейбір қант зауыттары өндірісті тоқтатып жатыр

Ресейден келіп жатқан арзан тауар, отандық өндіріске қауіп төндіреді.

Бұлай жалғаса берсе, Қазақстан импортқа тәуелді ел болып қалуы мүмкін.

Осылай деген кәсіпкерлер жергілікті тауар өндірушілерге қолдауды арттыруды сұрады.

Қазір Ресейден келетін сүт – 130, қант – 350 теңге. Ал бізде бұл тауарлар әлдеқайда қымбат, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сондықтан бәсекелестікке шыдамаған кейбір қант зауыттары өндірісті тоқтатып жатыр.

Тығырықтан шығу үшін кәсіпкерлер бағаны түсіру керек дейді. Ол үшін мемлекеттік субсидия қажет және қаржылық қолдаудың көлемін арттыруды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз:Алмалы ауданында жарықтандыру мәселесі қалай шешіліп жатыр