Елімізге Қытайдан 268 келі темекі және 19 құндыз ішік алып өтпек болған

28.10.2019 в 12:08

Тексеру барысында Қытайда өндірілген медициналық дәрі-дәрмектер де тәркіленді

«Қорғас» кеден бекетінен 268 келі көлемінде темекі өнімдерін заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, 19 келі болатын 13 дана құндыз ішік пен Қытайда өндірілген медициналық дәрі-дәрмек тәркіленді. Одан өзге халықаралық шекара маңынан 18 дана компьютерлік плата мен фитнеске арналған браслет-сағаттарды заңсыз өткізбек болғандар да ұсталды. Енді барлық тауардың кедендік соммасы анықталып, кінәлілер заң алдында жауапкершілікке тартылады.