АрселорМитал Теміртауды отандық инвестор сатып алады

04.11.2023 в 12:31

Бірінші кезекте өнеркәсіптік қауіпсіздікке мән беріледі

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 - Қазір біз компанияны атай алмаймыз. Бірақ кәсіпорынды отандық инвестор нарықтық бағамен  сатып алады, - деді Роман Скляр.

Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

 - Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады, - деді Роман Скляр.

Оқи отырыңыз:Әлихан Смайылов Қытайға сапармен барды